14.07.2022
95
Таң сарғайып тағы атпай ма күн қызарып батса егер
Таң сарғайып тағы атпай ма
күн қызарып батса егер,
Жұттан жаман нәрсе бар ма
жиі айналып соқса егер,
Адасқанның айыбы жоқ
қайта үйірін тапса егер,
Таза тыстан пайда бар ма
астар кір боп жатса егер.
Ойлай берсең, уайымға ерсең,
қайғы аз ба көп шегер,
Күнің жетсе, күш сарқылар,
тісің түсер, жақ семер.
Қуаныш кеп ерітпей ме
шемен шор боп қатса егер,
Жақсы атың да жылдам шығар,
ісің жұртқа жақса егер.
Сәті түссе, темірден де
түйін түйер нақ шебер,
Алты атардың шамасы жоқ,
қарсы келсе оқсебер.
Суың мұз боп, терің тұз боп,
күнің түн боп кетсе егер,
Жаратқаннан басқа, бірақ,
жарылқаушың жоқ сенер..