14.07.2022
  96


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Әйелім діншіл, көршілер күншіл болғалы...

Әйелім діншіл, көршілер күншіл болғалы,
Алды ғой қамап ойлардың қалың орманы.
Қай жерге түбі апарар екен қажытпай,
Қар басып кеткен даланың қиын жолдары.
Толғанда дәнге көңілдің қызыл қырманы,
Сыншылдан көрі міншілдер көп боп тұрғаны.
Қанатын қағып, асығып жатқан секілді
Жайдары жазға жанымның жасыл жырлары.
Қыраудай қатса кеудені шалған мұң дағы,
Тағдырым мені көріктей басып, шыңдады.
Суырылып бір күн шығарсың күнің туғанда,
Жата тұр әзір қылыштай болып қындағы.





Пікір жазу