14.07.2022
  77


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Жанған от пен жалын төніп, жағаласып, шарпысуда

Жанған от пен жалын төніп,
жағаласып, шарпысуда,
Толқындарды толқын көміп,
жанталасып, тартысуда,
КүнәҺарлар ұшыраған
момындардың қарғысына,
Тозақ-отқа тоғытылар
айдағандай малды суға.
Құмар қылған фәни-жалған
құралмаған шылқы майдан,
Бітпес тартыс, жетпес арман,
ұзақ шайқас, мәңгі майдан.
Отқа пісіп, суға түсіп,
тірлік үшін арпалысып,
Жақсы үмітті, жақсылықты
күтесің тек бір Құдайдан.





Пікір жазу