14.07.2022
  124


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Аңның оры, құстың торы және ауы балықтың

Аңның оры, құстың торы және ауы балықтың
Күнкөріске ойлап тапқан амалы ғой халықтың.
Абақтыда отырғанда қара түнек басым боп,
Анда-санда көрінбей ме жанып тұрған жарық күн.
Неге бұлай?
Жолы қалай?
Айттым талай, алайда,
Қылар ешбір амал болмай, айтудан да жалықтым.
Үйлесімін таба алмадым, болғанымен қол мығым,
Орындалмай айтқан тілек, іштей жүдеп, қамықтым.
Түбі орнына қояры анық ретімен барлығын
Құдіреті күшті Құдай сырын ұққан ғаріптің





Пікір жазу