14.07.2022
88
Таңға жақын қаулаған қалың шөпке шық тұрса...
Таңға жақын қаулаған қалың шөпке шық тұрса,
Көңілі күпті кейуана азулыны ықтырса,
Бір кесенің ішінде екі түрлі сүт тұрса,
Құдіреті Құдайдың – оның сырын ұқтырса.
Кетсе кенет тіріліп түскен балық табаға,
Тұра қашса жаныңнан кірген шайтан араға,
Жақсылардан шыққан сөз шипа болса жараға,
Құдіреті Құдайдың – сәуле түссе санаға.