14.07.2022
  73


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Сопылардай құрмет көрмей ғылым қуған ғұламалар...

Сопылардай құрмет көрмей ғылым қуған ғұламалар,
Жүрген болса жазмыш деп біл білімдіні сынап алар.
Ұлағатты ұстаздардан үлгілілер сабақ алар,
Сұраған да, үйреткен де, үйренген де сауап алар.
Беделі өсер басшылардың жәрдем берсе жарымжанға,
Қайыр қылса мүсәпірге, қызмет қылса ғалымдарға.
Қара суға қараса да, риза болса табылғанға,
Рақымы түсер Хақтың тәуба тонын жамылғанға.





Пікір жазу