14.07.2022
  89


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Киім киіп асыл жібек,торқа, барқыт, пұлыштан....

Киім киіп асыл жібек,торқа, барқыт, пұлыштан,
Ас ішсең же жалтыраған алтын, күміс ыдыстан,
Кірістерің басым болып жатса-дағы шығыстан,
Үтікпен де жаза алмайсың көңіліңді құрысқан.
Зая кетіп жатқан шақта шаруалардың еңбегі,
Әншілерге ақы төлеп, думан құру жөн бе еді?
Аққа оранған сақал-шашты қап-қара қып бояйсың,
Күтіп тұрса дейсің, бірақ, құрметті орын төрдегі.
Қағба емессің елдің бәрі саған бетін бұратын,
Имамсың ба ол тұрғанда жұрттың бәрі тұратын?
Өзің жатып, өзгелерді тік тұрғызып, кемсітпе,
Бай болсаң да ағыл-тегіл сән-салтанат құратын.
Бөрі тимей, аман қалған жабық тұрған қорада
Қой-ешкі де есік ашсаң тұра қашар далаға.
Толған айдың қараңғыда өз орны бар десек те,
Күн кеткенде жарықпын деп мақтануға бола ма?!





Пікір жазу