14.07.2022
  65


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Құрсақта жатыр бұлқындым, тағы тырбандым...

Құрсақта жатыр бұлқындым, тағы тырбандым,
Күн көзі түсіп, өркендеп, өсіп, бүр жардым.
Аллаға сендім!
Періштелерге иландым!
Пендеге түскен төрт кітапқа да шын нандым!
Пайғамбарлардың үлгісін естіп, нұрландым!
Тағдырға сендім!
Жазмыштың жолын бұрған кім?!
Дәндері қалып, кебегі ұшқан қырманның
Тозаңын жұтып, ішінде талай тұрғанмын.
Қиямет күні болар деп сенген бір жанмын,
Сенбесең, досым,
Иманнан онда құр қалдың.





Пікір жазу