14.07.2022
  84


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Жауап таппай жүргендер көп жанды қинар сұраққа...

Жауап таппай жүргендер көп жанды қинар сұраққа,
Он жыл өтсін, жүз жыл өтсін, мың жыл өтсін, бірақ-та,
Адам ата атын алған адам аты жойылмай,
Сенімдімін – қазақ тілі естіледі жұмақта.
Сабыр түбін күте алатын кісі болсаң байыпты,
Жол ашқанда адассаң да, бола алмайсың айыпты.
Қатты сөздер, улы сөздер оралмаса тіліңе,
Тәтті сөздер, сәтті сөздер тек жұмаққа лайықты.





Пікір жазу