14.07.2022
118
Құбылмалы кей мінезің, ойлап көрші шамалы...
Құбылмалы кей мінезің, ойлап көрші шамалы,
Адам қалай өзіне өзі баға бере алады?!
Жақсы көрсем бөбегіне еміренген ананы,
Жасағанның жаратқанын ұнатқаным болады.
Жақсы көрсем еркелеген, күліп тұрған баланы,
Жасағанның жаратқанын ұнатқаным болады.
Жақсы көрсем жан-тәніммен жайнап тұрған даланы,
Жасағанның жаратқанын ұнатқаным болады.
Жақсы көрсем бал ғана емес, бал жинаған араны,
Жасағанның жаратқанын ұнатқаным болады.
Қағып-сілкіп көнергенді, жақсы көрсем жаңаны,
Жасағанның жаратқанын ұнатқаным болады.
Адам деген жер бетінің уақытша қонағы,
Жарасымды іс жасасаң – Жаратқанға жағады.