14.07.2022
  92


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Құлын-тайдай ойнаған жер сатылыпты ақшаға...

Құлын-тайдай ойнаған жер сатылыпты ақшаға,
Ата-бабам жайлаған жер бұйырыпты басқаға.
Өзен бойын, көл жағасын қоршап апты біреулер,
Енді суға түсе алмай ма біз өсірген жас бала?
Қарап тұрсам, жетпей жатқан ұсақ-түйек үйде көп,
Жердегі тас өңіріме қадалды ма түйме боп,
Өзім еккен бидайдан да нан пісірді әлдекім,
Өзім баққан қой жүнінен неге шапан кигем жоқ?!
Қара жердің асты, үсті – бәрі тегіс тоналды,
Жүрген жолың, оң мен солың – сатылмаған не қалды?!
Шұлық сынды аяқтарға болған мәңгі кіріптар,
Құл секілді жұмсамай ма сатып алған адамды.
Сатылмайды ешкімге де, бірақ, менің жүрегім,
Жалмауыздар жаһаннамға аттанарын білемін.
Ізгі жандар орын алар түбі жұмақ бағынан,
Соны көзге көрсетсе екен – Жаратқаннан тілерім...





Пікір жазу