14.07.2022
  148


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Пайғамбардың қолына қалам берген періште...

Пайғамбардың қолына қалам берген періште,
Ол да менің сөзімді шығара алмас теріске.
Сол қаламның қуаты – жетсем ірі жеңіске,
Сол қаламның зардабы – құлдиласам еңіске.
Көктен түскен сөздерді «Оқы!» – деген періште,
«Оқығанды көңілге тоқы!» – деген періште.
Тап болған соң қанша алсаң таусылмайтын кенішке,
«Жыр шығару – ақынның қақы» – деген періште.
Пайғамбардың бүйірін қатты қысқан періште,
Ұлан-байтақ ғарышқа алып ұшқан періште,
Сәжде қылған Аллаға құрмет қылған адамға,
Тұла бойы жаралған сағыныштан періште.





Пікір жазу