14.07.2022
96
Имандылық санамағы
Бір дегенім – бісімілла,
Бісімілласыз іс қылма.
Екі дегенім – екінді,
Күн жылжыған секілді.
Үш дегенім – үлгі,
Жолатпа еш мінді.
Төрт дегенім –тәпсір,
Жаттап алар жақсы ұл.
Бес дегенім – бесін,
Айта берем несін?!
Алты деген – азан,
Ерте тұрсам, озам.
Жеті деген – жәннат,
Алла жүрсін қолдап.
Сегіз деген – сауап,
Дайын оған жауап.
Тоғыз деген – тәуба,
Шүкірліктен таңба.
Он дегенім – ол
Жаратқанға жол.
Екі қолда он саусақ –
Дұға қылар қол.