14.07.2022
  94


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Әйелдер

Әйелдермен көгеріп,
Қалсақ жақсы қартайып.
Бірі жатса еңкейіп,
Бірі жатар шалқайып.
Көлге барып құйған бар,
Сарқылған да бұлақ көп.
Кей әйелде иман бар,
Кей әйелде ұят жоқ.
Жайнамазға жығылған
Келіншекте иман көп.
Еріне ұрсып, бұйырған
Келіндерде иман жоқ.
Ер – әйелдің панасы,
Бірге отырса кемеге,
Әйел – елдің анасы,
Қыздарға үлгі-өнеге.
Әйел деген әдемі,
Жөн сөйлесең, «мақұл!» – дер.
Е, Құдайым!
Әуелі
Әйелдерге ақыл бер!





Пікір жазу