14.07.2022
129
Құтылмайсың!
Әлсіздердің алдында кекжең қағып,
Майланбаған есіктей сықырлайсың,
Күштілердің алдында безек қағып,
Бауыздалар қой-сынды тыпырлайсың,
Түк пайдаң жоқ жүргенге өзек талып,
Суға бөгіп, ісінген тұқымдайсың,
Қолдан билік, бастан бақ кеткен күні
Жынын шашқан бурадай құтырмайсың,
Жаратқанның жарлығы жеткен күні
Қияметтен, бәрібір, құтылмайсың.