14.07.2022
  142


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Ми туралы

Шолып тұрса көздерім төңіректі,
Кадрлардың мыңы кеп, мыңы кетті.
Шап-шағын ми адамның басындағы
Сақтайды екен миллион мәліметті.
Жиып-теріп соншама мәліметті,
Өзі қысқа ғұмырдың көбі кетті.
Сол білімнің, алайда, арқасында
Алла берген несібе кемімепті.
Қарап тұрсам ой тастап кешегіге,
Еңбек қылмай жиған мал өседі ме?!
Басты куә бәріне мидың өзі
Түзу шыққан Алланың есебіне.





Пікір жазу