14.07.2022
  140


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Шығыс моншасы

Шығыстағы мына монша орасан,
Жаныңды да тазартады, қаласаң,
Арам қанды тамырлардан қуады,
Ар-ұяттың сүзгісіндей Арасан.
Жылы суы шайып жатса тәніңді,
Ыстық буы жадыратар жаныңды.
Өмірге де келіп едім жалаңаш,
Беріп кетем жиып-терген барымды.
Балалар да болып жатса туа жат,
Өткінші өмір әкелмей ме кіл азап?!
Түбі бірақ, ұрпағына құт қонар,
Кім Аллаға қылған болса мінәжат.





Пікір жазу