14.07.2022
  73


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Ақырзаман

Көріпкелдер, сәуегейлер, балгерлер
Ақырзаман күні тақау қалды дер.
Су тасқынын, зілзаланы көргендер
Жан шығарда ақырзаман келген дер.
Қай пенде де кездерінен ес кірген
Ақырзаман кеп қалар деп сескенген.
Ақындар да алдын, артын барлаған
Ақырзаман болады деп зарлаған.
Мақтымқұлы сөз сөйлеген тақылдап,
Ақырзаман қалды деген жақындап.
Ғалымдар да бұл фәниде қас қағым
Сөз қылыпты ақырзаман жастарын.
Әр ғасырда, әр дәуірде, мысалы,
Болған екен ақырзаман нышаны.
Ақырзаман қашан, қай күн келеді,
Оны жалғыз Алла ғана біледі.





Пікір жазу