14.07.2022
111
Күн мен түн
Нұр әкелген күндерім,
Мұң әперген түндерім,
Жылағаным, күлгенім,
Бәрі ойымда жүр менің.
Жар болмаса бір Алла,
Не боларын білмедім.
Тірлігісің бар елдің,
Өзегісің өлеңнің,
Жаратқанның затына
Қажеті жоқ дәлелдің,
Жағаласқан күн мен түн
Екі беті әлемнің.