14.07.2022
102
Арылу түні
Фәнидегі әртүрлі істен тыйылып,
Күнәң болса, кешу сұрап, күйініп,
Жалғыз ғана Жаратқанға табынсаң,
Дұғаңды оқып, мінәжат қыл, сыйынып.
Кеудедегі ауыр ойдан арылсаң,
Жақсы ісіңе жат та тұрар сүйініп.