14.07.2022
  82


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Із

Салақтардан қалған із –
сыз,
Надандардан қалған із –
мұз,
Жамандардан қалған із –
шыж бен быж,
Пайғамбардан қалған із –
сіз бен біз.
Хадистер
Алланың қаҺарымен қорқытатын,
Сөзінің қызуымен балқытатын
Мұхамбет пайғамбардың хадистері.
Жүректі тастай қатқан жібітетін,
Іштегі мұзды жатқан ерітетін
Мұхамбет пайғамбардың хадистері.
Қылышпен қара түнді қақ тілгендей,
Ошаққа жанбай қалған от бергендей
Мұхамбет пайғамбардың хадистері.
Сөздері найзағайдай жарқылдаған,
Суындай тас бұлақтың сарқылмаған
Мұхамбет пайғамбардың хадистері.
Көрінген ғибраттан кемелдігі,
Білінген әр сөзінен тереңдігі,
Мұхамбет пайғамбардың хадистері.





Пікір жазу