meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  14.07.2022
  115


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Тең келмейді

Есімдері қайта-қайта аталар,
Пайғамбарлар, патриархтар, папалар
Мұхамбетке тең келмейді ешқашан.
Қызметін басқа қонған бақ санар,
Халифалар, хан-сұлтандар, патшалар
Мұхамбетке тең келмейді ешқашан.
Өлгеннен соң талай кітап жазылар,
Мүриттер мен имам, қари, қажылар
Мұхамбетке тең демеймін ешқашан.
Ерліктерін қанша жырлап тауыса алман,
Шейіт болған сахабалар, аңсарлар,
Мұхамбетке теңгермеймін ешқашан.
Сөйлегенде іштің дертін тазалар,
Тарихатқа жеткен сопы, қожалар,
Мұхамбетке тең демеймін ешқашан.
Шүкірлік қыл!
Ернеуіңнен аспасаң,
«Иншалла!» – де,
Бұл сөзімді қоштасаң.





Пікір жазу