14.07.2022
79
Елші
Көз тоқтатар суреті жоқ,
Мүсіні жоқ тым биік.
Болғанымен бейнеті көп,
Білімі оның тұңғиық,
Қалдырмапты ескерткіш те
Тасқа салып бейнесін,
Бірақ, күнде тұрады есте
Оның аты, ей, досым!
Билеген жоқ патша болып,
Көптің сөзін сөйледі.
Ар-намысты тұрды қорып
Оның әрбір сөйлемі.
Қасиетті ұстаз ғана
Бола алады қорғаның.
Өзі дана, елге пана
Ол – елшісі Алланың.