14.07.2022
  140


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Мұғалім

Болды біздің ұстазымыз ұстаздардың ұстазы,
Бұл өмірді жаңартты,
Сеніміне қол артты.
Жаратқанның сүйіктісі, түсіндік,
О,Алла!
Қолды кештеу ұсындық,
Мұғалімнен қысылдық.
О-о-о, қысылдық!!!
Нұрлы Мұхамбет, салаллаху ғалейхи уассалам,
Мұхамбет, адамзатқа мейірімді.
Нұрлы Мұхамбет, салаллаху ғалейхи уассалам,
Мұхамбет, бар адамға мейірімді,
Адамзаттың ұстазы, Әбіл-Қасым!
Ұстазым, менің пірім Мұхамбет,
Сүйікті, мәңгі тірі Мұхамбет,
Жаратқан Алла артық Мұхамбет.
Ия, Мұстафа!
Имам болдың елшілерге,
Ия, Мұстафа!
Ұстаз болдың бар әлемге.

Ел ұйқыға жатқанда, құлшылық қып тұра қап,
Өзгелер ас ішкенде, ол жасады мінәжат.
Қайғырғанда, көздің жасын көл қылды,
О,Алла!
Жүрек отын жандырды,
Жаратқанға нандырды.
О-о-о, нандырды!!!
Нұрлы Мұхамбет, салаллаху ғалейхи уассалам,
Мұхаммад, адамзатқа мейірімді.
Нұрлы Мұхамбет, салаллаху ғалейхи уассалам,
Мұхамбет, бар адамға мейірімді,
Адамзаттың ұстазы.
Менің пірім нұр Мұхамбет,
Мәңгі тірі нұр Мұхамбет,
Жүрек сөзі нұр Мұхамбет,
Күннің көзі нұр Мұхамбет.
Бізге әділ, ізгі болу жолын талмай үйретті,
Қаталдықты, арамдықты, сараңдықты күйретті.
Елді баурап, күлген кезде баладай,
О, Алла!
Ақыл айтқан анадай,
Сөз жүректе қалады-ай.

Нұрлы Мұхамбет, салаллаху ғалейхи уассалам,
Мұхамбет, адамзатқа мейірімді.
Нұрлы Мұхамбет, салаллаху ғалейхи уассалам,
Мұхамбет, адамзатқа мейірімді.
Адамзаттың ұстазы, Әбіл Қасым!
Ұстазым менің пірім Мұхамбет,
Сүйікті, мәңгі тірі Мұхамбет,
Жаратқан Алла артық Мұхамбет.
Ия, Мұстафа!
Имам болдың елшілерге,
Ия, Мұстафа!
Ұстаз болдың бар әлемге.





Пікір жазу