14.07.2022
91

Ауыз тию
Аман жетсек атар таңға,
Жетеді ғой, шүкір,ас,
«Ауыз ти!» –
деп келген жанға
Көрсетеміз ықылас.
«Тастама, – деп, – таңғы асыңды» –
Жүрген жанның күші көп.
Құрметтесең жолдасыңды,
Дәмнен үлкен кісі жоқ.
Ауыз тию – дәстүр ғажап,
Мирас болған маған да,
«Дәмім атсын!» –
дейді қазақ
Ренжіткен адамға.
Қарсы алмайтын адам аз-ақ
Қастарын да тас атқан,
«Құдай тапсын!» –
дейді қазақ
Арамзаны ас атқан.