14.07.2022
  83


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Шырша

Жаны жоқ, құр сәні бар,
Жылуы жоқ, қары бар,
Төрге шығып кетіпті
Ағаш діни мәні бар.
Баса-көктеп жат ағым,
Қиып кетіп Отанын,
Орнын тартып алыпты
Бата берер атаның.
Үйге кірген ағашты
Дей алмайсың жарасты.
Тамыры жоқ, дәні жоқ
Шырша кімге жол ашты?





Пікір жазу