14.07.2022
  127


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Аманат

Өткен күнге қарар болсаң саралап,
Тіршілікте кие тұтқан бағалап,
Жер мен ел де, тіл мен дін де бабамыз
Ұрпағына табыс еткен аманат.
Қиналсаң да жол таба алмай қиялап,
Жүректерге ізгі сезім ұялап,
Әлімсақтан қалыптасқан қағида –
Аманатқа жасалмайды қиянат.
Жер бетінде болып жатса жаманат,
Бәйтеректі жатқандай-ақ аралап,
Адал асқа арам тамақ қол салса,
Бұзылғаны сақтап келген аманат.





Пікір жазу