14.07.2022
  388


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Садақа

Досқа берген садақаң
Көтеріп шыққан тумен тең,
Қасқа берген садақаң
Құмға сінген сумен тең,
Масқа берген садақаң
Кемтар қылар умен тең,
Насқа берген садақаң
Солып қалған гүлмен тең,
Жетімге берген садақаң
Жүректен шыққан жырмен тең,
Жесірге берген садақаң
Ай орнына жылмен тең,
Кесірге берген садақаң
Ұшып кеткен бумен тең,
Әруаққа берген садақаң
Жайнап тұрған қырмен тең,
Залымға берген садақаң
Бірге берген онмен тең,
Ғалымға берген садақаң
Бірге берген мыңмен тең.





Пікір жазу