meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  14.07.2022
  131


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Өткінші

Жауатын жауын да,
Соғатын дауыл да өткінші,
Ішетін суың да,
Жұтатын балың да өткінші,
Бойдағы дарын да,
Жататын орын да өткінші,
Жайнаған шағың да,
Маздаған жалын да өткінші,
Бастағы бағың да,
Қайнаған сорың да өткінші,
Қағатын шаңын да,
Қолдағы барың да өткінші.
Өмірдің екенін өткінші
Қайталап жиі айтқан көп сыншы,
Болмасаң сормаңдай,
Жалғанға алданбай,
Бет бұршы!





Пікір жазу