14.07.2022
92
ДҰРЫС ПА?!
Жаңа жылдың түні ертең,
Жақындады...
Сайланып тұр салюттар атылғалы.
Отқа оранған аспаннан тірі тұрмақ,
Әруақтар шошиды ақымдағы...
Тарсылдатып атады аспан жаққа,
Біз баратын ғарышқа, баспалдаққа.
Қытай бізді отпенен ойнатып тұр,
Сенімсіз жұрт құшағын ашқан жатқа.
Дәрі иісі мүңкиді тынысыңда,
Күкірт сатқан күледі шығысыңда.
Шайтан текті жалынмен көңіл ашып,
Жоқ әдетті бастадың тумысыңда.
Ертең келсе «Жаңа жыл» – ол да жәй күн,
Ауысқаны кәдімгі толған Айдың.
Наурызды нәумездеу өткізетін,
Ұлтым үшін ұяттан қорғалаймын.
Бейбіт сүйгіш ел едік қонақтаған,
Ар-намысын ешкімге тонатпаған.
Аспан жаққа неге біз от шашамыз?
Мінез қайда, орынсыз оқ атпаған?!