14.07.2022
  93


Автор: Дәулетбек Байтұрсынұлы

Ғасырлардың сонау бір...

Ғасырлардың сонау бір,
Тасасында қалған күн.
Айтайын деп анығын,
Әупірімдеп қармандым.
Жырланбаса шежіре,
Ұмытылар біртіндеп.
Аршымаса құм басып,
Қалатынын аңғардым.
Парызы мен қарызы
Өтелмеген күндер-ай.
Сыбағасы кімге у,
Беріледі кімге май?
Келе жатқан ғасырлар,
Тасқын сынды тас бауыр,
Басатындай барлығын,
Жым-жылас қып құм мен лай.
Шертілмеген жүректің,
Ширығады күйі мың.
Шешкендеймін жанымның,
Шие болған түйінін.
Өткенге де шарам жоқ,
Келерге де шарам жоқ.
Бағындырсам болғаны,
Сұм нәпсімнің биігін.





Пікір жазу