14.07.2022
235
![](/uploads/shorttexts/author_image/63259387.jpg)
БҮГІН ЖҰМА
Қасиетті жұмада жан нұрланар,
Көктен түскен қуантып әрбір хабар.
Өткен күндер өзіме түсінікті,
Белден асып белгілі алдым барар...
Көппен бірге сәжде етіп бір Аллаға,
Жүрегіме өтеді Құран – дана.
Жұма намаз құтпасы оқылады,
Имам сөзін тыңдаймын құмарлана.
Бүгін – Жұма, бас иіп құбылаға,
Сап түзеп жұрт, бірі қарт, бірі бала.
Адам-Ата ұрпағы бәрі бірдей,
Қоңыр мейлі, ақ, сары, түрі қара.
Арман алыс сонау көк жиектегі,
Қандай ғажап Аллаһтың сый еткені!
Жерге түсер шуағы ұжымақтың,
Дұрысталса пенденің ниеттері...