14.07.2022
  239


Автор: Дәулетбек Байтұрсынұлы

ЫСТАМБҰЛ

Құс болып алысқа,
Қайырылмай ұшқан жыл.
Мәлім боп ғарышқа,
Танылған Ыстамбұл.
Тарихын тербейін,
Оқыдым қыштан жыр.
Мұсылман мерейін,
Асырған Ыстамбұл.
От қамшы жай ұрған
Рум елін,
Дұспан-дүр.
Қанаты жайылған,
Қос құрлық Ыстамбұл.
Түркінің айбаты,
Исламмен құшқан нұр.
Ту, Жұлдыз, Ай басы,
Тәуелсіз Ыстамбұл.
Бастауы шын істің,
Атағы ұшқан бір.
Батыс пен Шығыстың,
Нүктесі Ыстамбұл.
Шертіліп күй болып,
Ойыма түсті ән-жыр,
Шариғат үйреніп,
Таратты Ыстамбұл.
Пәктенген жүрегі,
Түркіге құт, тағдыр,
Мұсылман тірегі,
Мық болған Ыстамбұл.
Сермесе қылыштай,
Қорғансаң қалқан бір.
Дінсізден ығыспай,
Нық тұрған Ыстамбұл.
Сен жайлы ақпар көп,
Хақ жолды ұстандыр.
Аллаһу акпар деп,
Жасай бер, Ыстамбұл!





Пікір жазу