14.07.2022
198
Ақыл айтып не етейін, ақылым аз...
Ақыл айтып не етейін, ақылым аз,
Қыз «бақытты», бұл күнде батыры «мәз».
Күздің соңы айналып қыс болғандай,
Қыс артынан келеді ақыры жаз.
Сорлы нәпсім, салыпсың сайтан әнін,
Өмір өтіп кеткенін байқамадым.
Қызық біткен қыр асып, ғайып бопты,
Мен жүргенде мекендеп сай табанын.
Ақыл айту – жұмыстың ең жеңілі,
Көп сөздінің көрінер кенделігі.
Өзгертуге өзімді шамам келмей,
Басы қатқан байқұстың мен де бірі.
Әзәзілден өзімді қорғай жүріп,
«Сорқұдыққа» кетсем де қонбай, біліп,
Досым саған көрсетер жолым қайсы,
Өз ақылым өзіме қонбай жүріп?