14.07.2022
  85


Автор: Дәулетбек Байтұрсынұлы

Бүгін тірі жүргендігім тік басып...

Бүгін тірі жүргендігім тік басып,
Болу емес даяр асқа тік қасық.
Құлшылықпен еңбек ету Аллаһқа,
Тыңдап құран, Жұма намаз құтпасын.
Тусам қалай, өлем сондай шындықпен,
Бақи – мәңгі басталады шын күткен.
Намазхандар қатарына өтермін,
Болса егер иманыма шыр біткен...





Пікір жазу