14.07.2022
  88


Автор: Дәулетбек Байтұрсынұлы

Аллаһқа тәубе...

Аллаһқа тәубе,
Шүкірлігім жүректе,
Жанар шіркін қайта жанбас бір өшсе!
Сынақ күнім сынап болып сырғыды,
Ауыр тиді айлар аунап, жыл өтсе.
Аллаһқа тәубе,
Мендейлердің тәні мың,
Мен естідім тамылжыған таң үнін.
Сұр тұманда жол іздеген жан едім,
Барар жерім, бағытымды таныдым.
Аллаһқа тәубе,
Құлдығымды құптадым,
Оқылсын деп Бамдат пенен Құптаным.
Жүрегімді, Аллаһ, өзің жарқырат,
Келмес әсте өлекседей құрттағым.
Аллаһқа тәубе,
Кезегім кеп туылдым,
Білдім соны, ұраным кім, туым кім.
Күймесем деп жалынында тозақтың,
Нәпсімді ұстап, тайқазанға қуырдым.
Аллаһқа тәубе!





Пікір жазу