14.07.2022
129
Осындай да бола ма екен тоқырау?
Осындай да бола ма екен тоқырау?
Мені біреу «байлап» тастап отыр-ау!
Қырық деген қамал алар кезім ғой,
Опыратын, жапыратын осынау.
Ойлаймын да ойларымнан жалтарам,
Өзіме-өзім сияқтымын жарты адам.
Ешкім әлі назар салып көрмеген,
Іздерімді іздеп кетем Картадан…
Бастап алып бұл не сұмдық айныған?!
Жаратқанға ауыр болды қай күнәм…
Өзімді-өзім тергеймін де соттаймын,
Ойға батам, мұңға батам, қайғырам…
Қиялымның жабағысын түтемін,
Бастан кешіп ызғар қыстың түтегін.
Туып келе жатыр менің көктемім,
Сабырымды жолдас етіп күтемін.