14.07.2022
  92


Автор: Дәулетбек Байтұрсынұлы

Айналып келіп тәніңді...

Айналып келіп тәніңді,
Жүрегіңе құятын,
Ағысы барда қаныңның,
Тірліктен үлес жиясың.
Түзу болса ниетің,
Мақтанышың миятың.
Былғаныштан қашанда,
Күзетшің болар тиятын.
Әу бастан болса ақылың,
Басың бар елге сиятын.
Қиындық келсе досыңа,
Бересің, барды қиясың.
Жомарт болса жаныңыз,
Табылар айран құятын.
Мейірлі, шуақ жаз болсаң,
Баршаға ыстық ұясың.
Намыс пен мақсат бар жерде,
Бағынар саған қия-шың.
Адамдығыңды айшықтар,
Тек қана сенің ұятың.





Пікір жазу