14.07.2022
  131


Автор: Дәулетбек Байтұрсынұлы

Қуаласаң ой түбін таным, түйсік күнде өсер...

Қуаласаң ой түбін таным, түйсік күнде өсер,
Сілкінбеген пендеге тоғышарлық –
бір мешел.
Алпарысқан көп бейбақ тірлік етер тән үшін,
Тек нәпсінің қажетін өтеуменен күн кешер…
Рухың жүдеп, аш-арық құлатылса тағынан,
Нәпсі басын көтерер Ібілістің бағынан.
Тозғындауы рухыңның –
сарқылғаны намыстың,
Арылмауы деген сөз – жер бетінің лаңынан.
Қарап тұрсам айналам бес күндікке берілген,
Жетім қалған бұзаудай бір сиырға телінген.
Адамдықтың мәні де жойылады екен-ау,
Айрылған соң Аллаһтан,
Айрылған соң сенімнен!





Пікір жазу