14.07.2022
  104


Автор: Дәулетбек Байтұрсынұлы

Жазайын десем менсіз де...

Жазайын десем менсіз де,
Алматыда ақын көп.
Жазбайын десем, елсізде,
Өлеңнен басқа жақын жоқ.
Дегенім «елсіз» – шындығым,
Сүйреткен бәрі сүлдерін.
Сезіндім өмір сұмдығын,
Аязын көрдім шілденің.
Ойраны шыққан секілді,
Жүрегі беріш ортаның.
Ар-ұят тозып, сетілді,
Алдағы күннен қорқамын.
Өзімше мен де өрнектеп,
Суретін сала берейін.
Бір күні біреу шөлдеп кеп,
Өсірер ішіп мерейін…





Пікір жазу