14.07.2022
  100


Автор: Дәулетбек Байтұрсынұлы

Біреуді біреу жәбірлеп...

Біреуді біреу жәбірлеп,
Айнала айғай, дабыр көп.
Жүгенсіз мынау жалғанда,
Сабырлы ет, Аллаһ, сабырлы ет!
Сабырлы ет, Аллаһ, сарқылмас,
Нәжіске батты салтым лас.
Жүрекке иман, пәктік бер,
Тотықпас әрі шаң тұрмас.
Тіліме – тізгін тұсағын,
Туралық үшін күш-ағын
Жұмсалсын тегіс!
Ашылсын
Аллаһ деп қана құшағым!
Аллаһ!
– Сабыр, жетемін!
Жүрегім болсын мекенің.
Басқаны қайтем, баянсыз,
Өзіңе ғана кетемін.
Исламға жүйрік қанық ет,
Иманның асыл дәнін ек.
Анадан туған сәбидей,
Күнәсіз етіп қабыл ет!!!





Пікір жазу