14.07.2022
  130


Автор: Дәулетбек Байтұрсынұлы

ӨМІР

Өмір – шуақ,
Өмір – жаңбыр,
Өмір – қар,
Өмір – аяз,
Өмір – аптап қақтанар.
Өмір – ләззат маңайыңа мақтанар,
Өмір – қауіп, шыңыраудан сақтанар.
Өмірің тек – жарығың мен қараңғы,
Қалт-құлт етіп алып жүру қараңды.
Адамдармен мынау, пәни жалғанда,
Алыстату, жақындату... араңды.
Пенде қолы әділетке бармаса,
Өмір деген – ластық пен далбаса.
Әттең, азып ұжмақтан қуылмай,
Адам сонда өз өмірін жалғаса...
Тозып кетті танымай өз иесін,
Жұқтыруда былғаныш пен күйесін.
Әзәзілдің әңгімесін жақтырып,
Ібілісті, Албастыны сүйесің.
Айыптымын, жүрегімнен кірледім...
Құл Қожадай қылуетке кірмедім!
Өмір деген – болса мынау сықпытың,
Ұят болды жерді басып жүргенім!..





Пікір жазу