14.07.2022
108
...ҚАЛАДЫ
Қалады бәрі, қызық пен қиын – бұл жалған,
Қалады тауың, ағашың көктеп бүр жарған.
Сарайың, тағың, күркеше,
жүдеу лашығың...
Қалады тегіс қол созған әсем түрлі арман.
Қалады мақтан, алданыш, арбау аздаған,
Нені де болса мәңгілік саған жазбаған.
Пәниді біліп, Бақиды білмей пенделер,
Қалды ма, адам баласы жерде азбаған!?
Тек, қана, біздер кетеміз тәннен бөлініп,
Жататын күннен құтылармыз да бөрі ұлып.
Жанымыз анау, жеті қат көкке жол шегер,
Тәніміз қалар топырақ – текке көміліп!