14.07.2022
  110


Автор: Дәулетбек Байтұрсынұлы

ТИЯНАҚ

Шырағымыз, шын арымыз, Нұр – Иман,
Онсыз біздің өміріміз ластанар!
Шарбатымыз – Кәусар болса бұйырған,
Бізге алданыш бола алмайды басқалар.
Егін ектік ен далаға тың жыртып,
Гүл өсірдік, орман еттік мәуелі.
Қасиетті көктеп шығар бір бүршік,
Барлығының басталары, әуелі.
Сол бүршікті жандандырған кім еді,
Сөйлеп тұрған мағыналы кең тілмен?
Жаратушы жалғыз Аллаһ,Тірі еді,
Күллі әлемді ретіне келтірген!





Пікір жазу