14.07.2022
  124


Автор: Дәулетбек Байтұрсынұлы

Мазасыз минуттарым сырғанауда...

Мазасыз минуттарым сырғанауда,
Сынап – күн, бұлаң қағып шырғалауда.
Жүрекке иманымды жинамасам,
Жолымнан әзір тұрар бұрмалауға.
Тексердім жүрегімнің ашып түбін,
Сезіндім ұлы Аллаһқа ғашықтығын.
Раббымның сынағынан өтсем деймін,
Жер бетін жүргенімде басып бүгін.





Пікір жазу