14.07.2022
105
АРБАСУ
Қала барсам, көшелерде қоқидың,
Үй алдынан тағы көріп оқимын.
Бас мүсіндер, тас мүсіндер ойылған,
Тітіркеніп, тыншым кетіп, шошимын.
Дала барсам, қыраттардан, жолдардан,
Мүсін көрем пішінделген, сомдалған.
Басекеңмен, бәсекемен тас әкеп,
Сағым құшып, сабылысып сорлаған.
Зират барсам, мүсіндердің қаласы,
Мақтанғандай ескілерге жаңасы.
Қазақстан, бұтқа айналып бара ма?
Қазақстан – мұсылманның даласы.
Атын жазып, белгісін қой көмгенде,
Бір Аллаһтан көмек тіле өлгенде!
Жаратқанға жалбарынам «кешір» деп,
Тасқа басын игендігін көргенде.
Аллаһқа емес, бұтқа басын иеді,
Адамды емес, мүсіндерді сүйеді.
Тұрам қалай?
Ұрандамай жаулады,
Өсіп жатыр Буддизмнің сүйегі!