14.07.2022
102
АЛЛАҺТЫ СҮЙ
«Аллаһу әкпар,
Аллаһу әкпар» – ұраным,
Қайта туғыздың, қасиетті ұлы Құраным!
Жалған біліммен
жазым боп кете жаздаппын,
Өзімді-өзім өзгертіп тыңнан құрамын.
Аллаһтың сөзі, сүрелер қатар тізілген,
Жалғайды жібін үміттің мүлде үзілген.
Жүрегің жылы шуаққа толып, әмәнда
Жылылық есіп, тарайды нұрлар жүзіңнен.
Бұзатын тағы ғаламның заңды жүйесін,
Бәрін де Сенің, шешетін сенім – ниетің.
Көкірек көзің, Аллаһты көрсе алыстан,
Аллаһ жаратқан алып жерді де сүйесің...
Аят айшығы миыңда тұрса ұялап,
Жолдан өтесің қиындық келсе қиялап.
Аллаһты сүйсең, жер менен көктің Иесі,
Болмайтын еді-ау, зәредей жалғыз қиянат!