14.07.2022
116
МІНАЖАТ
Керек бізге зор төзім,
Жеткізеді күттіріп...
Сүрелерін оқимын,
Басымды иіп, тік тұрып.
Өлу менен тірілу,
Жүрегімді жықтырып.
Қол жаямын Аллаһқа,
Қос тіземді бүктіріп.
Шебер Аллаһ, жараттың,
Барлығын да жұпты қып.
Жалғастырдың біздерді,
Хауананы жүкті қып.
Тамсанттың да таныттың,
Жарық дүниені ұқтырып.
Топан судан кейінгі
Бабамызды Нұх қылып.
Қаһарлансаң бәрін де,
Жібересің ықтырып,
Неткен ұлы Раббым,
Сендегі бұл мықтылық!!!