14.07.2022
122
Жылдар жылжып өтеді, жылыстайды...
Жылдар жылжып өтеді, жылыстайды,
Тебіренбесе жүрегің жыр ұшпайды.
Бақыт та бір жолаушы қонып өтер,
Дүниенің тұтқасын кім ұстайды?!
Таты қалар... біреудің аты қалар,
Ұлылықты аң емес атып алар.
Ер жігіттің қырсығы арылмаса,
Көлденеңдеп жолына жатып алар.
Уақыт өтер ешқашан, тоқтамайды,
Сәтін тауып асауды ноқталайды.
Биіксінген біреуді тұншықтырса,
Өршітеді құйдырып отқа майды.
Уақыт дейміз алданып көз алдыға,
Болып жатқан секілді өз алдына.
Сезбейді жұрт Аллаһтың өкімдерін,
Ұйғарады бәрін ол... қазаңды да!!!