14.07.2022
  102


Автор: Дәулетбек Байтұрсынұлы

Аллаһ, Аллаһ!

Аллаһ, Аллаһ!
Жараттың тәртібімен,
Көк орманды көктеттің әр түбінен.
Неше алуанын келтірдің мал түрінен.
Ал адамды бәрінен артығымен.
Ойлаттырдың, сөйлеттің, сезім бердің,
Махаббаттың кіршіксіз көзін бердің.
Ерлік, намыс, нәзіктік, төзім бердің,
Әуел бастан бәрін де өзің бердің.
Қалыптасып, өссе де ой-санамыз,
Кейін тартып тұрады кей шаламыз.
Жер бетінде өктемсіп өтсең-дағы,
Ал, Аллаһтың алдында бейшарамыз.
Аллаһ, Аллаһ, Бәрін де байыптаған,
Бір-біріне тірлікті лайықтаған.
Аллаһ деген Нұх та аман, қайық та аман,
Қара түнек Аллаһсыз айықпаған.
Қандай шебер қарасаң Алла ісіне,
Енші берген туралап әр кісіге.
Ал, пенделер өмірде кім болады,
Байланысты ол иман, ар күшіне!





Пікір жазу